Биылғы жылы облыс көлемінде жұмыстанып жатырған шаруалар 200-ге жуық жылқы мен 2000 бас қойды сатып алыпты. Мал басын асылдандыру үшін мемлекет кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 1290,5 млн теңге қаражат төлеген. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары келтірген дерекке сүйенсек, 4600-ге жуық ірі қара малды асылдандыру ісі қолға алынған. Өткен жылы өңірімізде еңбектеніп жатқан 1860-тан астам шаруа қожалықтары 4419,3 млн теңгені құрайтын субсидияға ие болған. Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығымен айналысып жатырған шаруа қожалықтары тыңайтқыштарды сатып алғаны үшін өткен жылы 66 кәсіпкер 70,9 млн теңгені құрайтын мемлекеттің қолдауына ие болған.