0:00 / 0:00
8 жасар Николай демалыс күні тағы бір көлікті рұқсатсыз тізгіндеп кетіп, жол-көлік оқиғасына тап болды. Бұл баланың 3ші рет осындай қадамға баруы. Елді дүрліктірген оқиғадан соң жүргізушілер көліктерін ашық-шашық тастамайтын болған. Ал жүгірмектің мұндай әрекет жасауына не себеп болғаны әзірге беймәлім. Мамандар оны психиатриялық сарапатамадан өткізгелі отыр.
Жексенбі Николай тағы бір Хюндай маркілі көліктің рөліне отырып, серуендемек болады. Бойы жетпей, алдындағы жолды көре алмағандықтан балаға көлікті түрегеліп тұрып жүргізуге тура келіпті. Сөйтіп жөндеуге байланыстыінің бойына орнатылған бетон блоктарға барып соғылады. Сегіз жастағы Николай бір аптаның ішінде осымен үшінші көлікті иесінің рұқсатынсыз, айдап кетіп отыр. Үш жағдайда да жүргізушілер көліктің есігін ашық, кілтін ішінде қалдырғаны белгілі болған. Кетірілген шығынның ауқымдылығы ескеріліп, Николайдың анасының үстінен әкімшілік істен бөлек, көлікті рұқсатсыз айдап кету бойынша қылмыстық іс қозғалған. және ата-анасы үстінен ҚК 140 бабы бойынша іс көтеліріп отыр. Қазіргі күні бала өз үйінде. Ересектердің бақылауына алынған.Естеріңізге саламыз, Николай 6 тамызда Сузуки маркілі көлікті басқарып, жол көлік оқиғасына тап болды. Ал 9тамызда тойота шағын автобусымен көпірге түйіскен болатын. Бала оқитын мектепте оның сабақ үлгірімі мен тәртібі жақсы дейді ұстаздар.