Оқиға 12-тамыз күні тіркеліп, зардап шегушілер жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Жалпы ем алғандар саны 14 адам болса, оның бірінде сынық жарақаты бары анықталған. Ақ халаттылар жолаушылардың денсаулығына төнген айтарлық қауіп жоқ, сондықтан күндізгі стационар тағайындалды деп мәлімдеді. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының себептері мен кінәлі тұлғалар анықталып жатыр. Оқиға орнына 4 жедел жәрдем көлігі жеткен.