0:00 / 0:00
Орал қаласында өзгенің темір тұлпарына әуес 9 жасар бала Николай тағы да бір азаматтың авто көлігін рұқсатсыз айдап кетті. Бұл осы аптаның ішінде тіркеліп отырған екінші жағдай. Бірінші рет жасөсіпірім Suzuki көлігін ұрап, Ладой-Гранта көлігіне түйіскен болатын. Енді иесінің көзін ала беріп, "Тойота" маркілі шағын автобусты тізгіндеп қашып, көпірге соқтығысқан.
9 тамыз күні сағат 22:39-да патрульдік полицияға Хамза Есенжанов көшесінің бойындағы "Теремо"к дүкені маңында автокөліктің ұрланғаны жөнінде қоңырау түскен. Жүргізушінің кілтті көлікте қалдырып, досымен сөйесіп тұрғанын пайдаланып 9 жасар Николай тізгінге отырған. Мына кадрлар Омега ауданында бала қолға түскен мезетте түсірілген. Жедел іздестіру жүргізген полиция тез арада қолды болған темір тұлпарды тауып, жүргізуші орнында кішкентай бала отырғанын анықтайды.
9 жасар Николай мұндай қадамға досы Никитаның өтінішін орындағысы келгендіктен барғанын айтады. Баланың жас ерекшелігіне байланысты қылмыстық іс қозғалмайды. Жәбірленуші де ешқандай талабы жоғын айтыпты. Ал ата-анасының үстінен ҚР әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша іс қозғалып, жауапкершілікке тартылмақ. Баланың ата-анасы БАҚ өкілдерімен кездесуден бас тартты. Көршілері бұл отбасы жөнінде жағымды пікірде. Естеріңізге саламыз, 6 тамыз Николай Сузуки маркілі көлікті айдап кетіп, жол көлік оқиғасына тап болған еді.