0:00 / 0:00
«Жас келсе, іске» демекші жаңа заман талабына орай тың технологияны пайдалана отырып соңғы инновацияларды енгізу жастардың қолында. Мұны жете түсінген сала мамандары дәстүрлі мұнай мен газдан басқа да баламалы күн, жел, су энергияларын пайдаланып еліміздің экономикасын дамытуға болатынын өздерінің тың жобалары арқылы дәлелдеуге тырысты.
Жиында жастар қуат көзімен қамтудағы қара алтынның рөлі жайлы әңгімелеп, сарапшылар назарына 14 таң жобаны ұсынды. Аталмыш шара осыдан бір жыл бұрында өткізіліп, үздік атанған жұмыс ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде әлем халқының ықлысына бөленген еді.
Мұндай слеттерді болашақта дәстүрлі өткізіп тұру жоспарланған. Онда жастардың инновациялық бағыттағы ой-пікірлерін ескеру маңызды роль атқармақ. Сондай-ақ қоғам алдында да ғылыми және шығармашыл жандардың әлеуетін арттыру назардан тыс қалмайды. Осылайша газ тасымалы саласы мамандарының өнертапқыштық бағыттағы ой-өрісін жандандыру көзделген.