0:00 / 0:00
Полиция қызметкерлері қара түсті және түрлі түсті метал қабылдайтын орталықтарды тексеруді бастады. Негізгі себеп: заңмен тыйым салынған металдарды қабылдаудың жолын кесу болып табылады. Толығырақ келесі сюжетте.
Қала тұрғындарынан осы тектес шағымдарды жиі естуге болады. Азаматтар жерде орналасқан құдықтардың бетін жабатын темір люктердің қолды болғанына қапалы болып жатады. Осы люктердің болмауына байланысты бірнеше қайғылы жағдай орын алғаны да белгілі. Қылмыскерлер шойын люкті ұрлайды. Кейін, баукеспе сол шойынды қара нарықта саудалап, бірталай табысқа жетеді. Ал, беті жабылмаған құдыққа әрбір тұрғынның түсіп кетуі де мүмкін. Сала мамандары арнайы осы қатердің алдын алу үшін металь қабылдайтын орталықтарды тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қала көлемінде қара түсті және түрлі түсті металды қабылдайтын орталықтар люктерді қабылдамаймыз дейді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер ақпараттандыру ісінің жүргізілгендігін де атап өтіп, мейіттің қоршауларын, кабель мен шойын люктерді қабылдамайтынын да жеткізді.
Биылғы жылдың өзінде 22 люктің ұрлаған фактілері тіркеліпті. Қаламыздың ескі әуежай, ет комбинаты аудандары мен, Жамбыл, Тоқай көшелерінде құдықтың шойын қақпақтары жиі ұрланатын көрінеді.