Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медиаторлар бас қосты

c 10:22, 03/08/2018 c 737

0:00 / 0:00

Оралда медиация күніне орай арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға облыстың медиаторлары, құқық қорғаушылар, құзыретті органдардың мамандары қатысқан болатын. Сала мамандары жиында медиациялық тәртіппен дау-дамайды шешудің тиімді тәсілдерімен бөлісіп, қордаланған түйіткілді мәселелерін ортаға салған еді. Облыс көлемінде медиация тәртібі қалай жүзеге асып жатыр? Бұл туралы арна тілшісі сабақтап берсін.

Бүгінгі таңда, дауласқан тараптарды сотқа дейін татуластыру өзекті мәселе болып қала бермек. Еліміз өркениетті елдердің арасында көш бастап, экономикамыздың гүлденуі үшін араздаспай, туындаған мәселені өзара келісіммен шешудің маңызы зор. Сол себепті 2011 жылы тұңғыш рет медиация туралы қабылданып, бүгінгі таңда қос тарапты татуластыру үшін медатрлар білек сыбана жұмыстанып жатыр. Азаматтардың арасында бітімгершілік тәртібін орнату үшін түрлі деңгейде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Медиаторлар бас қосқан жиында ауылдық жердегі бітімгершілік ісімен айналысып жүрген жандар тәжірбиесімен бөлісті. Солардың бірі Бөрлі ауданына қарасты Пугачев ауылында азаматтардың дауын медиация тәртібімен айналысып жүрген Майра Сельбаева биылғы жылдың өзінше 111 азамат татуластырып жүргенін айтып берді.

Дөңгелек үстелде арнайы бас қосқан жандар медиация саласында орын алатын бірқатар қиындықтарды да ортаға салды. Мәселен, полиция қызметкерлері қылмыстық істі тергеген кезде, қос тарапқа медиатордың көмегімен түйіткілді істі шешуді ұсынбайтын көрінеді.

 

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.