Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екпе салдыру қажет пе?

c 10:30, 02/08/2018 c 957

0:00 / 0:00

Екпе салдыру мәселесі туралы аз айтылып жүрген жоқ, десе де қоғамда бұл туралы пікір әр қалай.
Қала тұрғындары қалай десе де медицина саласының мамндары екпені салдыру қажет деген пікірлерінен таңбай отыр. Егер уақытлы екпе салынбаса түрлі жұқпалы аурулардың тарауына себеп болады екен.

Қала тұрғыны Залина Махамбетова кішкентай 1,5 жастағы қызына АКДС вакцинасын алуға келген. Сәбидің денсаулығын тексерген маман дене қызуының қалыпты екенін және екпе қабылдауға ағзасының дайын екенін айтты.

Жүргізілген түсінік жұмыстары нәтижесінде бұрын бас тартқан 100 ата-ана перзенттеріне екпе алуды жалғастырған. Алайда уақыт өткен сайын тисті медициналық қызметтен бас тартқандар қатыры күн санап көбейіп келеді. Мұны №1 қалалық емханының дәрігерлері де жоққа шығармайды.

Айта кетейік, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыста эпидемиологиялық жағдай қалыпты деуге болады, көптеген жұқпалы аурулардың төмендегені және тұрақтылығы байқалды. Оба, тырысқақ, құтыру, түйнеме, туляремия, іш сүзегі, сал, дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық аурулары тіркелмеген.
Жалпы екпе салдыру әркімнің жеке шешімен байланысты.Бірақ екпе салдырудан жаппай бас тартуға болмайды.Осы ретте ескеретін бір жағдайды айтып кетейік, егер балаңызға екпе салдырудан бас тартып жатсаңыз, медициналық ұйымдар, екпеден бас тартқан адамды сотқа беруге құқылы дейді мамандар.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында иммундау мәселесі өзекті болып отыр. Адам - мемлекеттің басты капиталы, яғни байлығы, болашағы, күш - қуаты. Ендеше еліміздің болашағы ойлайтын болсақ, екпеден бас тартпайық.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.