Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өз келінін өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

c 16:26, 30/07/2018 c 587

Өз келінін өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты. Асылбек Умаровқа судья 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді. Күдікті сондай-ақ 5 млн теңге көлемінде моральдік шығын төлейді.
Айта кетелік, Асылбек Умаровтың үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабының 1ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол өз келінін қасақана, қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Оқиға 8-сәуір күні Семейден бұрынғы күйеуі рұқсат алып кеткен 2 жасар ұлын көруге келген Ақерке Қозекешева жалдаған пәтерде болған. Күдікті қылмысын толықтай мойындап, полиция бөліміне өзі келген. Ал қызының өлімі туралы анасы сәуірдің 9ы күні туыстарынан білген. Отбасындағы кикілжіңнен бейхабар болған жәбірленуші Саят Қозыкешевтың Семейге келіп, баласын ұрлап кеткенін де айтқан болатын. Ұлын қайтарып алу үшін Ақерке Оралға сәуірдің 6сы келіпті. Жанұядағы ұрыс-керіс те осыдан басталса керек. Бұған дейін прокурор Саят Қозекешев баласымен үйден кеткен бойда Умаров есікті қағып, ішке еніп, әңгімесі жараспаған келінін бетінен жұдырықпен қатты соғып құлатқанын айтты. Артынан тағы да бірнеше рет бас бөлігінен жұдырықтап, тамағынан баумен буындырған. Кейін пышақпен, жүрек тұсына сұғып алыпты.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.