0:00 / 0:00
Астаналық 47 оқушы Ақ жайық өлкесіне табан тіреді. Елордалық жасөспірімдер Батыс Қазақстанның киелі жерлерін араламақ. Аталмыш шара "Туған жер" бағдарламасы аясында іске асып жатыр. Негізгі мақсат - өскелең ұрпаққа еліміздің тариxи нысандарын көрсетіп, білімдерін шыңдау . Үш күнге ұйымдастырылған шара барысында оқушылар облыс орталығында орналасқан мұражайлар мен Сырым ауданында орын тепкен киелі орындарды барып тамашалайды.