Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Премьер министр өңіріміздегі тас жолдың жағдайымен танысты

c 12:30, 26/07/2018 c 708

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Ақ жайық өлкесіне табан тіреді. Премьер Елбасы жүктеген тапсырмалардың орындалуымен танысты. Елбасы жүктеген міндеттің бірі ол тас жолдың жөнделуі еді. Мәселен, Орал-Тасқала-Ресей Федерациясын жалғайтын тас жол биылғы жылы пайдалануға берілмек. Үш жыл бойы құрылысы жүріп жатқан нысанда 450-ден астам азамат қызмет жасап жатыр. Батыс Қазақстан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген премьер министр өңіріміздегі жол салу қарқынымен танысып, мердігерлерге жолдың сапасын назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Елбасы мамыр айында өңірімізге жасаған іс- сапары барысында жолдың жөндеу жұмыстарын байланысты тапсырма жүктеген еді.Президент шалғай орналасқан Бөкей Орда ауданын жалғайтын тас жол салуды тапсырған болатын. Бүгін міне, өңірімізге келген үкімет басшысы Елбасы тапсырмаларының жүзеге асуын қадағалау үшін жұмыс сапарымен табан тіреді. Премьер қатысқан жиында облыстағы тас жолдың қазіргі жағдайы баяндалды.

Өңірімізде республикалық маңызы бар, Орал-Тасқала мен Ресейді жалғайтын тас жол биылғы жылы пайдалануға берілмек. Жүз шақырымдық жол 3 жылдан бері жөнделіп жатыр. Мердігер компания өкілі былтырғы жылы 27 шақырымды аяқтадық, биыл қалған 73 шақырымдық тас жолдың 60 шақырымында жұмыстар аяқталады келді. Биылғы жылдың аяғында барлық межелі жердің баршасына тас жол төсейміз,- дейді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, елімізде 7-20-25 бағдарламасының аясында несие беріліп, талапкерлерге арналған 20 мың білім гранты бөлініпті. Сондай-ақ, студенттерге арналған жатақтахананың бой түзейтін 161 мың учаскісі белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталмақ.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.