Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шешімін тапқан мәселе!

c 17:55, 25/07/2018 c 678

0:00 / 0:00

Телеарнамыздың көрермендері Циалковский көшесі 8 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің мәселесіне қанық. Аталмыш мекен- жайда өмір сүретін азаматтар 2 жылдан бері кіреберіс подьездерінің жағдайын айтып, бірнеше мәрте редакциямызға хабарласқан болатұғын. Арнамыздың жиырма жылдық мерейтойына орай, аталмыш үйдің тұрғындарымен кездесіп, бүгінгі хал ахуалын біліп қайтқан арна тілшісі тақырыпты жалғастырсын.

Циалковский көшесі 8 мекен жайында орналасқан тұрғын үйдің түйіткілді мәселесі шешілді. Іргетасы сонау 1978 жылы қаланған тұрғын үйдің тұрғындары біраз жыл бойы қабырғасы қақыраған баспанада күнелтіп келген еді. Олар жыл сайын өз қаражаттарының есебінен подъезге жөндеу жасап, қабырғаға сәйкестендіріп, есіктерін өзгертіп салатын. Сол кезде баспана иелері өмірлері үшін алаңдап отырғандықтарын да атап өткен еді.

Қазіргі таңда, аталмыш мекен-жайда орналасқан тұрғын үйдің берекесі кіріп, тұрғындарды толғандырған сауал өз шешімін тапты. Подъездің жөндеу жұмыстары бір ай бұрын аяқталып, жарылған қабырғаларға өң кірген.

Қазіргі таңда аталмыш үйдің барлық дерлік кіреберіс подъездерінде жөндеу аяқталып қалыпты. Пәтер иелері кооперативі шама шарқымыз келгенше қабырғаларды сылап, подъезддің кем- кетік тұстарын жасап жатырмыз,- дейді.

Бұл тұрғын үйдің мәселесі араға жылдар салып, өз шешімін тауып отыр. Десек те, қаламызда қабырғасы сөгіліп, шатырынан су арылмайтын тұрғын үйлер жетерлік. Тұрғындар үйді ұқыпты ұстауы керек. Уақытылы жөндеу пәтер иелері коперативі мен тұрғындарға жүктелген міндет. Қос тарап бірге жұмыстанбаса, аталмыш үйден бақыт- береке тұрақтамайтындығы айтпаса да түсінікті.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.