Орал қаласында тамыз айынан бастап 9 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтпек. Аталмыш жөндеу жұмыстары үшін 125 млн теңге қарастырылыпты. Жөнделетін тұрғын үйлердің төртеуі жеделсатысын алмастырса, ал қалған бес үй шатырын жөндетпек. Бұл жұмыстардың баршасы тұрғын үйлердің модернизациясы аясында іске асып жатыр. Өткен жылы бюджеттің есебінен 5 тұрғын үй жөнделіпті. Аталмыш жұмыстар үшін 94 млн теңгеден қаражат жұмсалған.