Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жекеменшік балабақшаның жағдайы

c 17:52, 17/07/2018 c 1131

0:00 / 0:00

Зеленов ауданында мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында 4 бірдей балабақша қызмет жасап жатыр. Олардың қабырғасында 282 бала тәрбиеленуде. Дариян ауылында биылғы жылдың қаңтарынан ашылған нысанда 49 бала бар. Ал, балабақшаның өзі 115 бөбекке арналған. Жекеменшік балабақшаның иесі 4 айдан бері мемлекеттік субсидия берілмей, қызметкерлеріне жалақыны әрең төлеп отырмын,- дейді. Мемлекет әрбір бала үшін отыз мың теңгедей қаржы төлейді. Бүгінгі таңда жалпы қарыздың соммасы 2 млн. теңгеге жеткен.

Әрбір жекеменшік балабақшаға берілетін қаржы жергілікті бюджеттің есебінен бөлінеді. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы біздер кәсіпкерлерге берілетін қомақты қаржыны аудандық бюджетте үнемделген қаражат жинақталған кезде ғана төлеп бере аламыз,- дейді.

Мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында қолға алынған жобада қаржы мәселесі қол байлап тұр. Демек, кәсіпкер мемлекеттен бөлінген қаржысын біраз уақыттан кейін алуы мүмкін.

Мәжіліс депутаты Зеленов ауданына жасаған жұмыс сапары барысында "Шабыт" коворкинг орталығының жұмысымен де танысты. Аталмыш орталық шілде айынан бастап өз жұмысын бастаған еді. Ауыл жастары аталмыш орталыққа келіп, тегін ғаламтор ресурстарын пайданаланып, түрлі шараларға қатысып біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік алып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.