25 мамырда басталған "Түнгі сот" пилоттық жобасының аясында әкімшілік 237 іс қаралыпты. Аталмыш жаңашылдық азаматтарға қолайлы жағдай үшін қолға алынып отыр. Түнгі сотта қаралатын істердің дені жол көлік оқиғасы мен ұсақ бұзақылық көрінеді. Сала мамандары кешкіқұрым уақытта қаралатын істер азаматтардың уақытын үнемдеп, медиация тәртібін қолданып, бітімгершілікке жасауға мүмкіндік туғызады,- дейді.