0:00 / 0:00
"Жайық жылу қуат" АҚ-на тұтынушылар 495 млн. теңге бережақ. Бұл жүргізілген рейдтік шаралардың арқасында біраз азайған сома. Бірақ коммуналдық кәсіпорынға қасақана борышкерлерден қарызды өндіріп алу оңайға соқпай тұр. Күн сайын үй-үйді аралайтын мобильді топ, борышкерлердің жасырынып, үйлерінің есігін ашпауы сияқты кедергілерге жиі тап болады. Өткізілген рейд шараларының біріне аталмыш кәсіпорының бас директоры арнайы шығып қатысты.
Бұл мобилдік топтың күнделікті жұмысы. Рейдік шара елдің бәрі жұмыстан оралатын уақытта, сағат кешкі 7лерде ұйымдастырылды. Еуразия 52 мекен-жайындағы тұрғын үйде бірнеше борышкер тұрғын бар екен. Алайда қанша қақсақ та, ешбір пәтер иесі есігін ашпады. Ең ауқымды қарыз 945 мың теңгені құрайды. Пәтер иесі ресми түрде жұмыссыз, үнемі үйінде болмайтын азаматша көрінеді. Енді бірі-темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатырған көрінеді. Бірақ көршілерінің айтуынша, пәтерін үнемі жалға береді. Үнемі жасырынып, қашып жүретін борышкерлермен күрес оңайға соқпай тұр.
Бүгінгі таңда тұтынушылар "Жайық жылу қуа"т АҚ-на 495 млн. теңге бережақ болса, коммуналдық кәсіпорынның газға қарызы 300 млн. теңгені құрап отыр. Ыстық суды ажырту сияқты келеңсіздік қалада тағы қайталанбас үшін коммуналдықтар борышты осындай шаралар арқылы қайтарып алуға жанталасуда.
Коммуналдық кәсіпорынға борышты 263 адамның шетелге шығуына тыйым салынған. 3 азамат сот шешімі бойынша 5 тәулікке қамалыпты. Және жол сақшылар көмегімен қарызын өтемейтіндердің автокөліктері айып тұрағына тоғытылып жатыр. Алда бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді.