Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Әйелдердің теңдігі" сөз болды

c 16:34, 12/07/2018 c 1425

0:00 / 0:00

"Гендерлік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы. Аймақтық ынтымақтастықтың тәжірибесі" атты халықаралық конференцияға облыс әкімдігі мен ұлттық комиссия өкілдері, Парламент депутаттары мен көршілей Ресей елі облыстарының вице-губернаторлары шақырылған. Жиында алғаш боп сөз алған облыс әкімінің орынбасары өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әйелдердің қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

Ғабидолла Оспанқұлов
БҚО әкімінің орынбасары
Биыл ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының 20 жылдығы. Осы уақыт ішінде атқарылған жұмыс аз емес. Облыста 188 әйел түрлі басшы лауазымда, 2-еуі парламент мәжілісі мен сенат депутаттары, ал 4 нәзік жанды аудан әкімдерінің орынбасары болып еңбек атқарады. Сонымен қатар, облыстағы 48 мың кәсіпкерлік субьектісінің 19-ын, яғни облыстағы барлық компаниялардың 41 пайызын кәсіпкер әйелдер басқарып отыр.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасының орынбасары Елена Тарасенко гендерлік саясатты отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытынан жеткізді. Олардың қоғамдағы рөлінің артып келе жатқаны да тілге тиек етілді. Тарасенконың айтуынша, Парламенттегі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ішінде әйел адамдардың үлесі 22 пайызды құрайтын көрінеді. Ресей Федерациясынан келген өкілдер еңбек нарығындағы гендерлік саясат заңының Қазақстанда қабылданғаны көп мәселенің шешімін табуға сеп болатынын айтады. Себебі, Ресейде бұл заң әлі қаралып жатыр. Сол себептен де, көршілес елде өзекті проблемалар шешімін таппай тұр

Ольга Храмушина
РФ Орынбор облысының әйелдер кеңесі ҚҰ төрайымы
бізде өкінішке орай еңбек нарығында да, тұрмыстық зорлық-зомбылықта да бірқатар проблемалар бар. Бұларды шешу жолында екіжақты тәжіри алмасу маңызды. Құқықтық негізді құруда үкіметтік емес ұйымдармен қоян-қолтық жұмыстану қажет. Қазір әйелдердің кәсіби біліктілігі өте жоғары. Олар өздерін барлық салаларда көрсетіп жүр. Енді барлық мәселелер туралы ашық айтып, теңдік орнауы үшін Ресейде заң қабылдануы қажет.

Қазақ қашанда «ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп әйел адамның қадірін арттырып келген. Конференцияда сөз алғандар да отбасы құндылығын насихаттай отырып, нәзік жандылардың қоғамдық-саяси өмірге араласуының артықшылықтарын да тілге тиек етті.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.