0:00 / 0:00
Орал қаласында 100-ден астам жаяу жүргінші жолағына пластик төсеніш салынып жатыр. Ақ және сары түсті төсеніштің бұрынғы сырдан айырмашылығы-беріктігі мен көзге айқын түсуі. Сол себепті коммуналдық кәсіпорындар бұрынғы тәжірибеге қайта оралғанын айтады. Аталмыш жұмыспен "Жайық жарығы" ЖШС айналасып жатыр.
Жаяу жүргінші жолақтарын таңбалау-аса маңызға ие жол белгісі болып санлады. Жолды адамның кесіп өтуіне арналған тұс көзге көрініп, айрықша болып тұруы тиіс. Биыл қалада 170 жаяу жүргінші жолына ала таңба салынбақ.
Бұл технолгия бойыншща салынатын таңбалар 40 минут ішінде кебеді. 2 бригада бойынша жұмысты жайық жарығы ЖШС атқарып жатыр. Көлік қозғалысын шектемес үшін жолдың бір бөілігі ашық тұр. Бұдан өзге жолда жүру ережесін белгіленітін жол таңбаларын салу да қарқынды жүріп жатыр. Жөндеуден өткен жолдар осы таңбалар аяқталған соң ашылады. Қазіргі күні қалада 75 жаяу жүргінші жолағына пластмасса таңбалар салынып үлгеріліпті.