Оралда мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қалалық әкімдік өкілдері жәрмеңке биылғы жылдың 1 тамызы бен 1 қыркүйегі арасында болатынын мәлімдеп отыр. Мектеп құралдары мен оқушыға қажетті тауарлар жылдағыдай орталық базар аумағындағы арбатта жайғаспақ. Сондай-ақ, жәрмеңкеге қатысам деуші кәсіпкерлер жалға алған орны үшін ақыдан босатылады. Ол үшін кәсіп иелері қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміне жүгінсе болады. Айта кетелік, жәрмеңкеде қала тұрғындарына 15-20 пайыздық жеңілдіктер ұсынылмақ. Дәстүрге айналған жәрмеңке биыл «Мектепке жол» республикалық акциясының аясында қолға алынады. Қайырымдылық акциясы аз қамтылған отбасылардың балаларына жәрдем ретінде ұйымдастырылады.