Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек келісімшартынсыз еңбек етіп жүргендер көп

c 16:52, 09/07/2018 c 1170

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында 27 мың адам еңбек келісім-шартсыз жұмыс жасап жүр. Демек, жергілікті жұмыс берушілер заңды жалпағынан басып отыр деген сөз. Бұл көрсеткішті облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мәлімдеді. ҚР парламент мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева қатысқан арнайы жиында осы ақпарат келтірілді. Депутат ханым не дейді? Бұл мәселе парламентте көтеріліп оң шешімін табар күн бар ма? Соңғы екі жылда миллионға жуық қазақстандық еңбек келісімшартынсыз жұмыс істеген. Ал оларды жалдаған екі мыңға тарта жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзғандар санатында. Сәйкесінше, оларға айыппұл салынған. Оның мөлшері де аз емес, 30 АЕК пен 150 АЕК аралығында. Алайда, бұған да пысқырмай отырған кәсіпкерлер бар.

Снежанна Имашева
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
Еңбек заңнамасында жазылғандай, келісімшартсыз жұмысқа алуға болмайды. Ол заң бұзылса, айыппұл қарастырылған. Алайда кәсім иелері бұны елемей отыр. Олар неге немқұрайлық танытады? Біз сенатта да, мәжілісте де бұл мәселені бірнеше қайтара талқылағанбыз. Билікке түрлі шешімдер де ұсынуға тырыстық. Олар үшін салықты да азайту ұсынысын жеткіздік.

Айлап жалақысын ала алмай жүргендер де, еңбек демалысының өтемін ала алмай жүргендер мен заңсыз жұмыстан босатылғандар да парламент табалдырығын тоздыратын көрінеді. Өкінішке орай оларға еш көмек көрсетілмейді. Себебі, о бастан еңбек келісімшарты жүргізілмеген. Бұндай жұмысшылар батыс қазақстанда да жетерлік. Бүгінде 27 мың адам келісімшартсыз жұмыс істеуде.Бұлайша жұмыс істеу әсіресе құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығы саласында көп байқалады.

Қарапайым азаматтардың құқықтық сауатсыздығын пайдаланған жұмыс берушілер салық төлемдері мен зейнетақы жарналарынан жалтарады. Осылайша, міндетті медициналық сақтандыру да жолда қалады. Ал бұның салдары қандай болмақ?

Азамат Айтуев
БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

Жалақы көлемі тұрақсыз. Жұмыс беруші оны өзі қалағанындай өзгерте алады. Ал еңбек кодексін бойынша жалақы құны келісілу керек. Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын бөлмейді. Әлеуметтік төлемақыға да жарна бөлінбейді. Жұмыста жарақат алсаңыз да, жұмыс берушіге арқасүйей алмайсыз, себебі келісімшарт жоқ.

Бүгінде облыс әкімінің орынбасарының тізгіндеуімен өңірлік штаб жұмыс істейді. Бұл топтың негізгі мақсаты - еңбек қарым-қатынасын рәсімдеу. Шара барысында осы мәселе төңірегінде сұрақтар қойылып, өзекті проблеманы жою бойынша ұсыныстар қабылданды.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.