Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жедел жәрдем қызметі жаңғыртылуда

c 20:52, 04/07/2018 c 714

0:00 / 0:00

Жедел жәрдем қызметі -қоғам талабына сай өзгертілуі тиіс. Бұл жаңғырту бағдарламасының басты мақсаты. БҚО-да денсаулық сақтау министрлігі бұйрығымен 2017 жылы бекітілген "Жол картасы" бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр. Жедел түрде көрсетілетін медициналық көмекте материалдық-техникалық базаның мығым болуы ерекше маңызға ие. Сондықтан аталмыш мәселені шешуге зор басымдық берілуде.

БҚО-да жедел жәрдем қыззметінің ауысымдық жұмысында 42 бригада жұмыс жасайды. Оның 25-і Орал қаласына қызмет көрсетеді. Бүгінде кейінге қалдырылмайтын медициналық көмекті көрсетуге жаңа технологияның біраз пайдасы тиіп, аталмыш қызмет сапасы артып келеді.

Шалғай аудандарға тез арада жетуде санавиацияның жұмысы маңызға ие. Соның арқасында 13 науқас Астанаға, ал 4-еуі Алматыға емге жолданыпты. Биылғы 6 айда дәрігерлер адам өмірін сақтап қалу үшін 22 рет ұшақпен ұшып, 5 рет тік ұшақпен көкке көтерілген.

Жедел жәрдем бригадалары арасындағы жарыста батыстық ұтқыр көмек көрсетушілер арасында оралдық ақ халаттылар бірінші орынан көрінген. Ал республикалық деңгейде мадақтауға ие болыпты.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.