Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жолаушы тасымалдаушы көліктерді жаңғырту жұмысы жүріп жатыр

c 18:04, 03/07/2018 c 795

0:00 / 0:00

Бұл қазір кейінге қалдырылмайтын, күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе ретінде көтерілуде. Атқарушы органның хабарлауынша, биыл жыл соңына дейін кем дегенде жолаушы тасымалдаушылар паркін 10 пайызға дейін жаңғырту көзделіп отыр. Бүгінде "БатысДелижанс" компаниясы алғашқылардың бірі болып жаңа техникаларды сатып алып қойыпты.

Орал қаласында биылғы жылдың соңына дейін 60 заманауи техникамен жолаушылар тасымалдаушылар паркін жаңғырту көзделіп отыр. Бұл 2017 жылы жолақы тарифі 60 теңгеден 80 теңгеге көтерілген кездегі биліктің талабы болатын. Алайда қоғамдық көлік иелері жаңа техника сатып алу оңай емесін алға тартып, біраз жүрген болатын.

"БатысДелижанс" ЖШС сатып алған жаңа автобустар жақын аралықта пайдалануға беріледі. Олар №39-шы маршрут жолаушыларына қызмет етпек. Әр автобустың құны 20 млн. теңгені құрайды. Биыл 190 млн. теңге қоғамдық көліктерге субсидия ретінде бөлінген. Қаражат 3 жыл ішінде жаңалау туралы келісімді орындаған кәсіпорындарға автобус сомасының 10 пайызы көлемінде төленеді. Күн сайын Орал қаласында желіге 470 маршрут шығады. Олардың басым бөлігі ескіріп, ауыстыруды талап етеді.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.