0:00 / 0:00
50 -ге тарта спортшы волейболда шынығуда. Оралдағы «Евро-Азия 2018» турнирінде Перьм, Самара, Шымкент, Қызылорда қалаларынан ат терлетіп келген жасөспірімдер кездесіп, бақтары мен баптарын сынап жатыр. Халықаралық деңгейдегі турнир Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Дүбірлі додадан арна тілшісі хабардар етеді
«Евро-Азия 2018» турнирі жыл сайын өтетін дәстүрлі жарыс. Биылғы дүбірлі додада 8 команда бақ сынап жатыр. 2003-2004 жылғы жасөспірімдер Ресей Федерациясының Набережные Челны, Перьм, Самара қалаларынан және еліміздің бірқатар облыстарынан арнайы келген.
Ресейдің Қазан қаласынан ат терлетіп келген ойынның бас төрешісі де командалардың дайындығының мықты екендігін айтады. Спортшы қыздар жеңіске жетуге бар күш-жігерлерін салуда.
Төрт күнге созылатын халықаралық турнир соңында үздіктердің үздігі анықталып, арнайы марапатталмақ.