0:00 / 0:00
БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл 500ге жуық шара өткізу жоспарланды. Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғалы бері өңірде 200-дің үстінде іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шаралардың басым бөлігі жергілікті демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан болатын. "Жаңғыру - жетістік жолы" атты дөңгелек үстел рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласынан туындайтын тапсырмалар сапасын талқылау, шаралардың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мен осы жұмыстардың тиімділігін арттыруға арналды. Шараға сараптама кеңесінің мүшелерімен қатар, қала әкімдігінің бөлім басшылары да қатысып отыр.