Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал станциясының ішкі істер желілік бөлімі мерекені атап өтті

c 18:17, 26/06/2018 c 996

0:00 / 0:00

"Абыройлы қызмет-басты міндет!" Орал станциясы ішкі істер желілік бөлімі қызметкерлері мемекеттік қызметшілер және ҚР полциясы күніне арнап, мерекелік шара өткізді. Темір жол вокзалы алдындағы алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырып, абыройлы қызмет көрсеткен мамандарға марапат көрсетті. Салнататы шара спорттық сайысқа ұласты. Сондай-ақ қала тұрғындарына тәртіп сақшылары қоғамдық тыныштықты сақтауды үндеген, салауатты өмір салтын сақтауға шақырған үн парақтар таратты.

Орал қаласының темір жол бекеті мен пойыз жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда станциядағы ішкі істер желілік бөлімі қызметкерлерінің атқарар рөлі зор. Олар 418 шақырым ұзындықтағы темір жолы бойында қызмет көрсетеді. 2017 жылы 43 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Орал халықаралық әуежайы да аталмыш сала қызметкерлерінің қарамағында.

Мерекелік шарада абыройлы қызмет көрсеткен сала мамандарына зор қошемет пен марапат көрсетілді. Бұл салада әйел азаматшалардың да қосып жүрген үлестері ауқымды. Ерлерден кем түспейтін нәзік жандылар өз міндеттерін мінсіз атқаруға тырысамыз дейді.

Бір жыл ішінде ішкі істер желілік бөлімімен 1 млн. теңге көлеміндегі айыппұл мемлекет пайдасына өндірілген. 2000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліпті. Шара аясында концерттік бағдарламаны тамашалаған қала тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырған үнпарақтар таратылды. Кез-келген жағдайға сақадай сай тұратын қызметкерлер спорттан да кенде емес. Ұйымдастырылған сайыстарға қатысып, мереке иелері спорт түрлерінен шеберліктерін сынға салды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.