0:00 / 0:00
Олар 20 жылға жуық уақыт өз тәжірибелерінде ешқашан жол ережесін бұзбаған екен. Шақырту бойынша Атоян алаңына жеткен жүргізушілер өздерін жол сақшылары күтіп тұрғанын көріп таңғалып, тосылып қалды. Шара ҚР полициясы күніне орай өткізіліп отыр.
Бүгінгі марапат жүргізушілерге тосын сый болды. Әдеттегіше түскен шақыртумен көрсетілген мекен-жайға келген жүргізушілер алғашқыда өздерінің аты-жөнін атап, алдарынан қарсы алған тәртіп сақшысын көріп, тосылып қалды.
ҚР полициясы күніне орай аталмыш марапатты ұйымдастыру үшін полция қызметкерлері жолаушы тасымалымен айналысатын 80 көлік жүргізушісін тексерген. Нәтижесінде 1999 жылдан бері бірде бір рет ереже бұзып көрмеген 2 жүргізуші анықталыпты. Олар-Наурызбай Кубжанов пен Сергей Прошин. ІІБ ЖПҚ аға инспекторы Динара Әбдулхалықова алғашқыда мұндай мінсіз жүргізушілер барына таңғалып, сенбей бірнеше рет тексеруге тура келгенін айтады.
Алдағы уақытта осындай акцияларды қоғамдық көліктер мен коммуналдық кәсіпорын көліктері жүргізушілері арасында ұйымдастыру жоспарланып отыр.