Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 4 бірдей пәтердің тұрғындары 11 айдан бері сусыз отыр

c 20:03, 22/06/2018 c 723

0:00 / 0:00

Бірдің кесірі көпке тиді. Солардың бірі 6 айлық сәбидің анасы- Елена Каширская. Сусыз қалудың басты себебі- көп қабатты үйдің 3-ші қабатында тұратын көршілерінің ұзақ жылдар бойы пәтеріндегі құбырларын ауыстырмауынан көрінеді. Іс қазір сот орындаушылары дейін жеткен. Бірақ есігін үнемі құлыптап қоятын азамат жөндеуден бас тарып, тіпті өз қаражаттарына құбырды ауыстырып беруге дайынбыз деген көршілерінің өтінішін құлағына ілмейді екен.

Коммуналдық кәсіпорынға ешқандай борыштары жоқ болса да, 1 айды сусыз өткізген тұрғындар көрші азаматтың бей-жәйлығынан мезі болған. Елена Каширская Гагарин 99/1 мекен-жайынындағы үйдің 5ші қабатында тұрады. 6 айлық сәбиін суға шомылдырудың өзі мұңға айналды дейді әйел. Себебі пәтерге салқын су келетін тік құбыр ажыратылған. Сусыз тұрғындар ауыз су мен жуынуға қажетті суды сырттан ыдыспен тасуға мәжбүр. Осыған дейін тек ыстық суды пайдаланып келсе, жақында ғана Қазтрангазаймақ АҚның газды айыруынан кейін жағдайлары мүлдем мүшкіл болыпты.

Елена көршісін көрген кезде алдында тізе бүгіп жалынуға дейін барғанын айтады. Бірақ егдде жастағы азамат көоршілерімен сөйлеспеуге тырасады екен. Елена Каширская мәселені шешу үшін барлық құзырлы органдарға шағымданған. Қазір жеке сот орындаушылары палатасына да арызданған.

Сот шешімі сот орындаушылыраның қолында. Бірақ құбырды ауыстырмайтын азаматпен жүздесу қиын болып тұр. Шалынған қоңырауды жауапсыз қалдыратын азамат үшін тұрғындар өз ақшасына желіні ауыстырып беруге дайын екендерін де айтқан.

Сот орындаушылары аталмыш мәселені шешу үшін барлық заңды әдістерді қолданатындарын мәлімдеді. Тіпті олар үйіне сирек келетін азаматты жолдан тосатын болған. Егер жағдай шешілмесе, орган қызметкерлерімен бірге келіп, есікті бұзатындарын мәлімдеді.

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.