0:00 / 0:00
Осылайша облыс орталығын дамытуға қажетті қаражат қайта қарастырылып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Атап айтар болсақ, өзгертуде жолдарды күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарын атқаруға қосымша қаржы қарастырылған. Бұл жөнінде шаһар басшысы Мұрат Мұқаев мәлімдеді. Соның ішінде биыл Деркөл кентіндегі көлік жолдарын жөндеуге үлкен назар аударылмақ.
73 млн. теңге қаланың 3 ауданы бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға, 62 млн. теңге тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталмақ. Осылайша соңғы мәслихат сессиясында 1 млрд. теңгеден астам сомаға қала бюджеті ұлғайтылды. Бұл сома құрылыс жобаларына, тұрғын үйді жөндеуге және инженерлік желілерпге жұмсалады. Облыс орталығын дамыту бюджеті 2 есеге артқанын шаһар басшысы Мұрат Мұқаев мәлімдеді.
Басты назарға әлеуметтік салалар алынып отыр. Соның ішінде жол жөндеу, аулаларды абаттандыру. Бюджет қаражатын желге ұшырмай, тиімді игеру үшін мердігерлер жұмысы мен сапа талаптарын тексеруді билік өкілдері жіті қолға алған. Қазіргі күні орталықтағы Құрманғазы көшесінің жолы бойында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Әзірге Фрунзе көшесінен Пугачев көшесіне дейінгі бөлігі жабылған. Қоғамдық көліктердің жүру сұлбасы сол себепті Досмұхамбетов көшесімен жүретін болып өзгерді. Мердігер "Асар строй сервис" компаниясы. Жөндеу жоспар бойынша 1-шілдеде аяқталып, кезең-кезеңмен атқралымақ.