Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі 100 теңгеге қымбаттады

c 18:03, 15/06/2018 c 728

0:00 / 0:00

Бұрын коммуналдық қызмет ақысы 115 теңге болса, енді кісі басына айына 215 теңге болып өзгертіліп отыр. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың 23-ші кезектен тыс сессиясында айтылды. Сондай-ақ ел ағаларымен 2018-жылға арналған бюджет нақтыланды.

Тұрмыстық қалдықтар мәселесі аймақ үшін өзекті болып тұр. Қалдықтардың өңделмей, полигондарда үйілуі-экологияға да зиянын тигізбей қоймайды. Ал қоқыс шығаратын, қала тазалығымен айналысатын компания тарифті 10 жылдан бері өсірмегенін алға тартқан. Есептей келе 1 кісіге тариф құны 380 теңге болып белгіленген. Бірақ оны түсіріп, қазір 215 теңге деп бекітіп отыр.

Барлық коммуналдық тарифтердің өсуі, жанар-жағармай мен қажеттіліктердің қымбаттауы, "Орал таза сервис" ЖШС қызметкерлері жалақысын өсіру қажеттігінің өткір мәселеге айналуы тариф бағасын көтеруге себеп болып отыр.

Ел ағаларының құптауымен шаһар бюджеті 1,1 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Сессияда аталмыш сұрақты жан-жақты нақтыланды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үдемелі технологияны қолдануға -200 млн. теңге, қала тазалығын қамтамасыз етуге 269 млн., қала көшелерін жарықтандыруды жаңғыртуға-173 млн. теңге қарастырылып отыр.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.