0:00 / 0:00
Шаһарымызда "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша жылу магистралдарын күрделі жөндеуге 1 млрд. 254 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа №7 және №2 жылыту магистральдарында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, аталмыш жұмысқа байланысты осы аудандардағы 225 тұрғын үйде ыстық су ажыратылған болатын. Сондықтан мердігер компания жөндеуді мерзімінен ерте аяқтауға күш салып отырғандарын мәлімдеді.
№7ші және №2ші жылу магистарлдары сонау 1972, 1987 жылдары салынған. Қыстың көзі қырауда ескірген желіде апаттың тіркелуінің алдын алу үшін қазір толықтау күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бүгінде 225 үй аталмыш жөндеуге байланысты ыстық судан ажыратылған болатын. Коммуналдықтар бұл орайда тұрғындардан түсіністік танытуды өтінеді.
-""Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуге 1 млрд. 254 млн. теңге бөлінген болатын. Сәуір айында мердігер мекеме "Уральскводстрой" компаниясымен келісім шарт жасалды. Тұрғындарды ыстық суға тезірек қосу үшін мердігерлер жұмысты мерзімінен ертерек тапсыруды жоспарлап отыр",-дейді "Жайық жылу қуат" АҚ бас директоры Мұрат Бәйменов.
Жоба бойынша күрделі жөндеу мерзімі 4-5 айға жоспарланған. Қазір Кердері көшесінің бойынша жұмыс қызу жүріп жатыр.
-"Шамамыз келгенше аз уақытта жұмысты бітіруге тырысамыз. Адамдар қашан бітеді деп сұрап жатыр. Материалдардың барлығы дерлік жергілікті, Отандық. Құбырлар Ақтау қаласынан алынған. Құмды қиыршықты қоспа, науалар, темір бетондар өзімізден",-дейді мердігер мекеменің нысан басшысы Михаил Зубков.
Орал қаласында жылу желілерінің 50 пайызы ескірген. Жаңғырту жұмыстары бөлінген қаражатқа сай сатылап атқарылатын болады.