0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталықтың тағы бір жаңа мүмкіндігі! Жергілікті дәрігерлер стрессэхокардиография атты жаңа диагностикалық әдісті меңгерген. Бұның көмегімен ұйықтап жатқан жүрек ақауларын анықтап, физикалық күштеме кезіндегі қан айналым жеткіліксіздігін білуге болады.