Он бесінші маусым күні дәстүрлі мектеп бітірушілер кеші Абай алаңында тойланып өтеді. Бұл мерекелік шараға қала мектептерінің 1700- ден астам түлегі мен аудандардың 200- ден астам оқушылары қатысады деп жоспарланып отыр. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын мерекелік кеште алтын белгі иегерлері мен түрлі халықаралық, республикалық додаларда ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған мектеп түлектері марапатталмақ. Салтанатты шара жергілікті уақыт кешкі тоғыздар шамасында бастауын алады.
Сала мамандары биылғы жылдың басты ерекшелігі ол мектеп түлектерінің концерттік бағдарламада өнер көрсеуінде, -дейді. Мерекелік кеш мектеп бітіруші түлектердің вальсімен аяқталмақ.