Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәдениет және демалыс саябағында спорт алаңқайы пайда болды

c 17:58, 07/06/2018 c 1118

0:00 / 0:00

Жаңа алаңда экстремальді спорт түрлерімен және воркаутпен айналысуға мүмкіндік бар. Спорт және дене шынықтыру бөлімінің хабарлауынша, облыс орталығында 10 спорт алаңы қолданысқа берілмек. Қазіргі күні бұқаралық спортты дамыту арқылы - салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау жұмысы жүргізілуде. Қаладағы әр тұрғын үй алдына алаңқайлар салып, көше спорттарын, демалыс орындарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Орал қаласында 10 спорт алаңы салынады деп жоспарланса, оның біреуі- Ярослав көшесінде, екіншісі- Циолковский көшесінде, ал үшіншісі - Сырым Датов көшесінің бойында орналасқан.

Алаңдардадың барлығы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Спортшының жарақат алуының алдын алу үшін қауіпсіз материал таңдалған. Балалар алаңдарында да түрлі әткеншектердің орналасуы ойын уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Қала халқының бүгінгі күні 30 пайыздайы спортқа бет бұрып отыр.

-"Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы". Денсаулықты нығайтып шымыр боламын десеңіз, баланы жастайынан спортқа баулып, дене шынықтырумен айналысуды әдетке айналдырған абзал"-дейді Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Артур Шерғалиев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.