Жаздың алғашқы күндері жайсыздау болайын деп тұр. "Қазгидромет" мамандарының хабарлауынша, өңірде ауа райы күрт бұзылып, сынап бағанасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ желдің ұйытқу жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артатын болады. Сол себепті шомылу маусымы әзірге басталмайды және тұрғындар жылы киімдерін жинап, маусымның шуағына бөленуге асықпағандары абзал.