Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Круглоозерный ауылында авто көлік жөндеу жұмысы биыл жалғасын табады

c 17:55, 31/05/2018 c 854

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде Орал қалалық жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімі мәлімдеді. Алайда жергілікті тұрғындар былтыр жөндеудің бірінші кезеңінен өткен жолдың қиылыстарында үлкен ор-шұңқырлар пайда болды деп шағымданып отыр. Мәселенің мән-жайын арна тілшілері мердігер кәсіпорынмен кездесіп, сұрап көрді. Аталмыш жол қашан тақтайдай тегіс қалыпқа түседі?

Круглоозерный кентіндегі Борисюк көшесі көлік жолын күрделі жөндеу өткен жылы басталған болатын. Жоспар бойынша жұмыс екі жылға қарастырылған. Қала аумағына қарайтын кенттегі жөндеу жергілікті тұрғындарға біраз қолайсыздықтар туғызып отырған көрінеді.

-"Жолдың бірнеше қиылысында үлкен ор-шұңқырлар пайда болған. Бірнеше көшені көлікпен жүргенде айналып өтуге тура келеді. Балалар үшін және түнгі уақытта қауіпті. Оның үстіне біраз уақыт бақша суаратын суды айырып тастады",-дейді ауыл тұрғыны Әнуарбек Айтимбетов.

-"Бұл жермен велосипедпен де, авто көлікпен де жүре алмайсың. Бүкіл ауылды көліктер айналып жүретін болды. Неге жұмыстарын тиянақты жасамайды. Жөнделген көше қиылысып жатырған 3 көшенің бойында шұңқыр қазылған. Уақытша жүруге лекерге келтіріп қойса болар еді ",-дейді ауыл тұрғыны Мадина Исенғазиева.

Орал қалалық жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімі мамандары биыл мердігерлер жоспар бойынша жұмысты жалғасытырады, жұмыс сапасы бірінші кезекте бақылауда тұр,- дейді.

Тұрғындардың арыз-шағымына мердігерлер құлақ асуға уәде етті. Айтуларынша, жақын аралықта кемшіліктер жойылады. Айта кететйік, биыл облыс орталығында жол жөндеуге 8 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.