Балық инспекциясының мамандары республикалық «Бекіре-2018» акциясының аясында 204 балық аулау құралын да тәркілеп отыр. Осылайша, ауқымды акция барысында 57 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 51 адам жауапкершілікке тартылды. Балық қорын қорғауға бағытталған бұл шара 10 сәуірде басталған болатын. Ал мамандар уылдырық шашу маусымында балықтарды аулауға мүлдем тыйым салынатынын еске салады. Бұл мезгіл Жайық өзені мен облыс аумағындағы өзен-көлдерде 15ші маусымға дейін жалғаспақ. Көшім, Киров, Бітік, Пятимар сынды су қоймаларындағы балықты аулауға 15 маусымға дейін тыйым салынса, басқаларына 31 мамырға дейін рұқсат жоқ.