0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық ауруханасында тағы бір жаңашылдық! енді жергілікті дәрігерлер асқазанда болатын хеликобактерияны санаулы минуттардың ішінде анықтай алады. Осылайша науқас ауруын асқындырмай, дер кезінде қажетті ем алуға мүмкіндік алып отыр.
«Ауру - астан» десек те, көпшілігіміз жүйелі тамақтана бермейміз. Асқорыту жүйесінің бұзылуы түрлі ауруға шалдықтыратыны анық. Мамандардың айтуынша, ауру-сырқаудың - 70, өлім-жітім көрсеткішінің 60 пайызы тамақтануға байланысты екен. Ал деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздегі әрбір екінші тұрғын асқазан ауруынан зардап шегеді. Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жараларының дамуының басты себебі - хеликобактер пилори бактериясы. Асқазанның жарасынан зардап шегетін адамдардың көпшілігінде бұл бактериялар асқазан-ішек жолдарында өмір сүреді. Бұл бактерияны зерттеуді, анықтауды бүгінде облыстық диагностикалық орталық қолға алған. Жергілікті дәрігерлердің қолы жетпей жүрген хелико-тесттің көмегімен ағзадағы бактерия мөлшері санаулы минуттардың ішінде белгілі болады. Бұрындары бұл бактерия тек қан зерттеуі арқылы, яғни имуно-ферметтік зерттеу арқылы ғана анықталыпты.