Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал Қазақстандағы ең жасыл, таза қала мәртебесін сақтап қалуы тиіс!

c 17:33, 29/05/2018 c 2630

0:00 / 0:00

Ал ол үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дәулетжанов айтып берді. Жыл сайын облыс орталығында ондаған мың түп көшет отырғызылады. Тал-шіліктер жасыл желекке айналғанша қандай күтім көрсетіледі?

БҚО-ның мемлекеттік орман қорының аумағы 217 мың гектарды құрайды. Оның 90 мың гектары орманды алқап. Жыл сайын көк желекті орман келбетін сақтап қалу үшін 4 мыңдай жас көшет-тал отырғызылады. Табиғат ананы қорғау, күтіп-баптау үлкен еңбек. Ал тұтанған өрт қаншама жасыл желекті аз ғана уақытта тып-типыл қылатыны өкінішті. Сондықтан өрттің алдын алу мақсатында 80 адамнан құралған орман өрт станциялары жасақталған. Сондай-ақ өңірде су ресурстарын сақтау және қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыс қарастырылған.

Қазіргі күні өңірде 6 млн. тоннадан астам күл-қоқыс қордаланып отыр. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу көлемі тек 2 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз өңірде қалдықтарды өңдеу саласының кенже қалуының көрсеткіші болса керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.