Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында коммуналдық кәсіпорын ыстық суды ажыратып тастады

c 17:55, 28/05/2018 c 837

0:00 / 0:00

Оған басты себеп-көгілдір отынға деген 900 млн.-ға жуық төленбеген борыш. Қазіргі кезде кәсіпорындағы жылу электр орталығында су қыздыратын газ белгісіз мерзімге ажыратылып тасталған. "Жайық жылу қуат" АҚ мәселені шешу үшін әкімдік қызметкерлері мен білікті мамандар енген жұмыс тобы құрылды деп мәлімдеп отыр.

"Жайық жылу қуат" АҚ-ғы жылыту орталығында газдың ажыратылуы жөнінде хабар 25-мамыр күні сайтта пайда болды. "Қазтрансгазаймақ" АҚ 890 млн. теңге өтелмеген борыш үшін осындай шара қолдануды шешіпті. Жылу электр орталығында газдың болмауы қызметкерлердің біразын жұмыссыз қалдырып отыр.

-"Біз техникалық қызметкерлердің басым бөлігін маркетинг тобы көмегіне жүгіндіруге мәжбүрміз. Олар 20 топтың құрамына еніп, қасақана коммуналдық ақы төлемеушілерге мекен-жайлары бойынша барып, қарызды өтеуді талап ететін болады",-дейді "Жайық жылу қуат" АҚ коммерциялық директоры Вячеслав Солодилов.

Тұрғындар ыстық судың ажыратылғанына наразы. Себебі үнемі қызмет ақысын уақытылы төлейтін қаншама тұтынушы жаздыкүні зардап шегіп отыр,-дегенді айтып шағымданады.

-"Менің анам науқас. Оны үнемі жуындыру керек. Күн ыстықта газға су қайнатуым керек. Өте ыңғайсыз",-дейді қала тұрғыны Райса Стольникова.

"Жайық жылу қуат" АҚ хабарлауынша, жеке сот орындаушыларында қазір жалпы сомасы 123 млн. теңгенің талап-арызы жатыр. Қасақана борышкерлерге қаладан шығуға тыйым салынып, арнайы қарызды өтеу жұмысы қолға алынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.