ҚР ұлттық қауіпсіздік қызметінің 2029 әскери бөлімі, Орал шекара жасағының құрылғанына 18 жыл! Бөлімде бүгінде 800ге тарта әскери қызмет етеді. Әскери бөлім мерейтойына арнайы ашық есік күні ұйымдастырылып, оған қала мектептерінің оқушылары шақырылып, үздік шекарашылар, қоғамдық ұйымдар мен түрлі әскери қызметтің өкілдері қатысты. Мерекеге келген оқушыларға әскери өмірдің қыр-сыры көрсетілді. Алдымен жауынгерлер жекпе жек ұрысының айла тәсілдерін көрсетсе, кейіннен әскери қызметшілер қолданатын барлық қару түрлері таныстырылды. Одан кейін кинолог мамандар қызметтік иттердің із кесу, есірткі заттарын іздеу сынды дағдыларын көрсетті.