Денесіне кене жабысқан тұрғындар ауруханаға 12 сәуірден бастап келе бастаған. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 40 бала, 7 15тен-17 жасқа дейінгілер және 37 ересек адам бар. Кене жедел жәрдем бөлмесінде жойылып, қан үлгілері алынған. Бүгінде бұл тұрғындардың ешқайсысынан да туляремия диагнозы анықталмаған. Десе де қауіп жоқ емес. Сондықтан «кене шаққан жағдайда салғырттыққа салынбай, бірден дәрігер көмегіне жүгінген жөн», - дейді сала мамандары.