0:00 / 0:00
Оралда «Uralsk Green Forum» екінші халықаралық экологиялық форумы өтті. Энергия үнемдеу мен экологияның ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған форумға 150-ден астам делегат қатысқан болатын. Сондай-ақ, облыс әкімдігі, «Карашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы мен Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы арасында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. Жыл сайын жасыл шаһар - Оралда ұйымдастырылатын «Uralsk Green Forum» екінші халықаралық экологиялық форум ҚР энергетика министрлігінің қолдауымен өтті. Оның басты мақсаты - ең өзекті экологиялық міндеттер мен энергия үнемдеу мәселелерін талқылау және мұнай-газ өнеркәсібінің экологиялық саласының дамуына ықпал ету. Шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өткен облыс басшысы қоршаған ортаны қорғаудың мәніне тоқталды.