Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апаттардың салдарынан мертігу екі есеге көбейген

c 18:10, 23/05/2018 c 910

0:00 / 0:00

Облысымызда жол-көлік оқиғаларының мәселесі өзекті. Биыл өңірде 75 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның салдарынан 23 адам қаза тауып, 92сі түрлі деңгейдегі жарақат алды. Жол апаттарының жиілеуі, жол қауіпсіздігі, қозғалыс мәдениеті сынды мәселелер бүгінде кімде де болса алаңдатпай қоймайтыны рас. Келелі мәселе халықаралық тәжірибеде қалай шешілген? «Батыс Қазақстан облысының қауіпсіздік» жолдары атты дөңгелек үстелде бұл тақырып кеңінен сөз болды

Бағдат Азбаев
БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ. Билік басында да бұл өзекті мәселе үнемі талқыға түседі. елімізде жол көлік оқиғалары жиілеп барады. 2017 жылы облысымызда 405 жол көлік оқиғасы тіркелді. оның салдарынан 99 адам қаза тауып, 534 адам жарақат алды. көрсеткіш, көріп тұрғанымыздай, жоғары.

Халықаралық сарапшылардың жүргізген зерттеуі облыс халқы көліктің артқы жағында отырған кезде белдікті мүлдем тақпайтынын көрсетіп отыр. Балалар автобустарында белдік мүлдем орнатылмаған. Сарапшылар осыған алаңдаушылықтарын білдіріп отыр. Сондай-ақ жергілікті жүргізушілердің тым қызуқындылығы да байқалған. Облыстағы көліктердің басым бөлігінің ескіріп, заңсыз жолаушы тасымалдаушылардың көбеюі де - жол көлік оқиғаларының бірден бір себепкері.

Сергей Дьякону
ЕАSST халықаралық сарапшысы
бірден көзге түскен қателік - белгілердің жоқтығы мен бампер қоршауыштар, ескерту белгілерінің тапшылығы. сондай ақ екінші дәрежелі автомобиль жолдарынан шығудың да арнайы таңбасы жоқ. Көліктерге қатысты байқағанымыз: көбі ескі, тіпті олар техникалық талапқа сай келмейтін де шығар. Жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған аймақтық стратегия құрау қажет. Билік өкілдері жол ережесін сақтауда бұқара халыққа үлгі болуы қажет.

Дөңгелек үстел барысында шетелдік компанияның 6 сынып оқушылары үшін арнайы дайындаған жол қауіпсіздігі бойынша оқу-әдістемелік құралының 5 мыңнан астам данасы білім басқармасына тапсырылды.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.