Бұл жерде көше спортымен, таңғы жаттығулармен, дене шынықтырумен жастар да, ересектер де айналыса алады. Ашық аспан астындағы алаңға жарақаттанудан сақтайтын жұмсақ төсеніш төселген. Және серіппе темірлер, жаттығу құрылғылары орналастырылған. Тұрғындардың салауатты өмір салтын сақтап, жастардың спортқа қызығушылығын ояту мақсатында қалада осындай алаңдар санын арттыру көзделіп отыр. Жобаның құны 7 млн. теңге тұрады.