Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар жанайқайын кім тыңдамақ?!

c 15:55, 22/05/2018 c 1020

0:00 / 0:00

Жаздың тамылжыған тамаша мезгілінде Орал қаласының маңындағы Деркөл ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінің иелері еркін тыныстай алмай отыр. Себебі, ғимарат астындағы кәріз құбырлары жүктемені көтере алмай, баспанадан шыққан қалдық су көшеге жайылған. Қолқаны жарған қолаңса иіспен қалай күресерін білмеген жұртшылық арна тілшілеріне хабарласып, жанайқайларын жеткізді. Мүсірепов көшесі 1 үй мен Құрманғалиев көшесіндегі 7 үй маңына жақындай бере қолқаны жаратын жағымсыз иіс бірден байқалады. Тұрғындар алты пәтерлік баспанаға бір кәріз құдығының шамасы жетпегіндіктен осылай болғанын айтады. Енді кәрізден тоола аққан су көше жайлап барады. Түрлі коммуналдық қалдықтар жиналатын жердің иісі күн жылығалы елді тұншықтыруда. Қолаңса иіс, көшеде де, пәтерлерде де сезіледі.
Өкпесі қара қазандай тұрғындардың жанайқайын біз батыс су арнасы мекемесіне жеткіздік. Мекеме қызметкерлері де тұрғындардың мәселесінен хабардар болып шықты. Олардың айтуынша, үй иелері енді құжаттарын жинап, орталықтандырылған кәріз желісіне қосылу үшін арыз жазуы керек. Кейін мердігерлерді де өздері тауып, қажетті жұмыстарды өз қаражаттарына жасау керек.
Әзірге жағымсыз иіске шыдамаған тұрғындар сыртқы есіктерін қымтап, тесік-терезені бітеп тастауға тура келеді. Ондаған пәтерлі баспана тұрғындары кем-кетіктің орны толғанша сасық иіспен демалуға мәжбүр

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.