0:00 / 0:00
Облыс орталығында Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі алты бірдей меморандумға қол қойды. Ортақ келісімдер кәсіпкерлік бағыты, "Ақылды қала" жобасының дамуы мен мемлекеттік- жекеменшік серіктестіктің санын көбейтіп, өңірге инвестиция тартуды көздейді. Ақ жайық өлкесіне ат басын бұрған елордалық меймандар көрші Ақтөбе өңіріне жасаған іс-сапары барысында 9 бірдей келісімшартқа қол қойғандарын тілге тиек етіп, еліміздің астанасында атқырылып жатқан игі жұмыстарды жіпке тізді.