Медицина саласындағы жұмыстың басты бөлігіне жауапты ақ халаттыларды арнайы мерекелік форумда "Нұр Отан" партиясы мен мекеме әкімшілігі құттықтап, үздік мамандарға марапат көрсетті.
12-мамыр халықаралық мейірбикелер күні. БҚО жұқпалы аурулар ауруханасында 107 орта буын қызметкері жұмыс жасаса, оның 25-і лаборант, қалғаны мейірбике қызметін атқарады. Ауруханадағы жұмыстың 70 пайызы мейірбикелердің мойнына жүктелген.
Науқастардың халін біліп, емін уақытылы жасайтын мейірбикелер сырқаттарды өз мейірімділіктерімен, жан жылуларымен жадырата білетін абзал жандар. Бұл мерекеде ақ халаттыларды "Нұр отан" партиясы мен мекеме әкімшілігі құттықтап, үздік мамандарды марапаттады. Форумда мейірбикелердің тәжірибесі мен білік дағдыларын арттырып, қызмет сапасын көтеру мәселесіне аса мән берілді.