0:00 / 0:00
Орал қаласында үшінші мәрте әкелер форумы ұйымдастырылды. Шара « Әке махаббаты» деген атауға ие болыпты. Форумға қалалық әкелер комитетіне мүше 50 шақты ер азамат бауыр еті баласымен бірге қатысты. Салтанатты жиынның негізгі мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру болып табылдады.
Жаһандану заманы деп күн көрістің қамымен жүрген тұста, кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмей жатады. Оның салдарын қылмыс жасап, заңнан жаңылған жасөспірімдердің тізімімен анық көруге болады. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру үшін қаламыздың білім беру нысандарында әкелердың басын қосатын шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Отан қорғаушылар мерекесіне орай қаламыздағы түрлі салада қызмет етіп жүрген белсенді әкелердің арнайы форумда бас қосты. Педагогтар қауымы бұндай бас қосу қала бойынша үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр, - дейді.
Бұл Діңке ақсақал. Ол бүгінгі салтанатты шараға екі немересімен келіпті. Бүгінде алпысты алқымдаған ақсақал домбыра жасаумен айналысады.Форумға келген қонақтар үшін қазақтың аспабы туралы баяндап, оның жасалу жолдарын түсіндіруде. Ақсақал бауыр еті баласына домбыра жасауды үйреткен. Бүгінгі таңда, бұл кәсіпке екі немересін баулуда.
Мереке қарсаңында еркін микрафон форматында ұйымдастырылған форум өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру үшін ұйымдастырылатын шаралар легі келешекте де өз жалғасын таппақ.