Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мониторингтік топ халықпен кездесуде

c 18:05, 04/05/2018 c 1190

0:00 / 0:00

Республикалық сыбайлас жемқорлықпен күрес мониторингтік тобы Орал қаласына табан тіреді. Қоғам қайраткерлерінен құралған топ мүшелері өңірге халықтың мемлекеттік қызмет алу бойынша сауаттылығын арттырып, арыз-өтініштерін тыңдауға арнайы келіпті.
Мониторингтік топтың ең алғаш боп табан тіреген нысаны - «Теректі май комбинаты». Қайта жаңғыртудан өткен өсімдік майын өндіретін зауытта қазір барлық техника заманауи талаптарға сай келеді. Жаңадан бу қазандығы орнатылып, шикізат дайындайтын, дәнді сығып, тазартатын, цехтар іске қосылды. Мұнда өсімдік майының екі түрі, яғни тазартылған, иіссіздендірілген, мұздатылған, оған қоса рафинадталмаған түрлері өндіріледі. Зауыт өнімдері де Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында сатылуда.


Жең ұшынан жалғасқан кесел - жемқорлықпен күрес бүгінде қарқынды жүруде. Елімізде 2025 жылға дейінгі стратегия бекітіліп, оның аясында республикалық арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған топтың мақсаты - шалғай елді мекендерді аралап, жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастыру. Осылайша, алыстағы ағайынның мәселесін анықтап, құзырлы мекемелерге жеткізу. Біздің өңір аталған топ табан тіреген 11ші аймақ. Агенттік өкілдері әрқашан халықпен ашық диалог жүргізуге дайын екендігін айта келе, кез келген республика тұрғыны агенттік төрағасының «Facebook» және «Telegram» желілерінде жеке парақшасына тікелей байланыс орната алатындығын жеткізді.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.