Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдықтар төртінші күн қатарынан сусыз отыр

c 17:21, 03/05/2018 c 1014

0:00 / 0:00

Осыған дейін Шолохов көшесінің бойында ірі құбыр апаты тіркелгені туралы хабардар қылған болатынбыз. Қазір аталмыш кәріз желісіндегі апатты ауыздықтау жұмыстары екі ауысымда қарқынды жүріп жатыр. Айта кетейік, қысымға шыдамай жарылған жер асты шыны-пластик құбыры осыдан 10 жыл бұрын салынған екен.

"Жер қазу жұмыстары аяқталған соң аумақтағы желіні күрделі жөндеу мәселесі қолға алынады",- дейді коммуналдықтар.

Шолохов көшесінің бойындағы құбыр жарылған орында тереңдігі 7 метрден асатын шұңқыр қазылған. Экскаватор мен өзге де техникалар және жұмысшылар оқиға орнында 2 ауысымда жұмыс жасауда. Коммуналдықтардың айтуынша, ұзындығы 75 метр болатын құбыр істен шығып, жарамсыз деп танылып отыр.

Қаланың бірнеше бөлігінде су тек бір сағатқа ғана беріліп, қайта ажыратылыпа отыр. Тұрғындар үйлеріне қашан су берілерін "Батыс су арнасы" ЖШС сайтынан қарап біле алады.

Қаланың сусыз қалуы-алаңдатарлық жайт. Сондықтан жұмыс барысын билік қатаң бақылауға алып отыр. Жөндеу күрделі болғандықтан қолда бар күш пен жалдамала техниканың көмегі толықтай тартылған.

Басты мақсат- апатты ауыздықтап, халықты сумен қамтамасыз ету. Бүгінде жаңа кәріз құбырын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Сол себепті алда жобалық сметалық құжат жасақталатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.